Павлодарлық жағалауда бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі

Жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық еңбек мобильділігі орталығы және қалалық мансап орталығының ұйымдастыруымен 12 тамызда сағат 16:00-де Орталық жағалауда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке барысында қаланың және облыстың жұмыс берушілерінен бос жұмыс орындары ұсынылады. Жұмыс берушімен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі болады және жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беріледі. Қосымша ақпарат үшін 21-54-74 нөміріне хабарласуға болады.