Павлодарда ардагерлерге азық-түлік себеттері табысталды

Павлодарда ардагерлерге азық-түлік себеттері табысталды
Фото: pexels.com / cottonbro studio

«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында және Қарттар күніне орай облыстық ардагерлер кеңесімен кездесу өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Илья Теренченко, партия активі мен жастар қанатының өкілдері қатысты.

Жылы жүздесу аға буынға деген құрмет пен алғыс рухында өтті. Қатысушылар елдің дамуына, жастарды тәрбиелеуге және қоғамдық құндылықтарды нығайтуға зор үлес қосқан ардагерлерге ризашылығын білдірді, – деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметі.

Құрметтің белгісі ретінде ардагерлерге 60 азық-түлік себеті табысталды.

– Біздің міндетіміз – тек құттықтау емес, аға буынға деген қамқорлық мерекелік күндермен шектелмейтінін көрсету. Бұл – біздің тұрақты міндетіміз әрі азаматтық және адамгершілік борышымыз, – деді Илья Теренченко.

Партиялықтардың айтуынша, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы егде жастағы азаматтарды қолдауға және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Өңірде жоба жүйелі түрде жүзеге асып, барлық қала мен аудандарды қамтиды.

Мұндай кездесулер ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, даналық пен өмірлік тәжірибені дәріптейтін игі дәстүрге айналды.