Павлодарлық құтқарушылар көрші өңірге көмекке аттанды
Бұл жұмыстарға 50-ден астам құтқарушы жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД күштері мен құралдар колоннасы Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін шықты.
Құтқарушылар өңірдің су тасқыны қаупі бар учаскелерінде қажетті көмек көрсететін болады. Еріген қар суын сорып, траншеялар қазып, қаптарды дайындайды және бөгеттерді нығайтады. Жағдай қиындаған кезде павлодарлық құтқарушылар су басқан елді мекендерден халықты жедел құтқаруға және эвакуациялауға дайын.
Көршілес аймаққа барлығы 53 адам, қажетті құтқару жабдықтары мен жүзу құралдарын құраған 10 техника шықты.