Павлодарлықтар атақты шетел музыканттарының шеберлік сабағына қатысады
Қазақстан, Франция, АҚШ, Жапон елдерінің үздік педагогтары тәжірибелік сабақ береді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Алматыда 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында үрмелі аспаптарда орындаушыларға арналған халықаралық академияның шеберлік сабақтары өтеді. Павлодарлық жас шәкірттер төрт елдің үздік музыканттарынан тәжірибе алу мүмкіндігіне ие болды.
Оған бейіндік мекемелердің 14 жастан асқан оқушылары мен студенттері, сондай-ақ 45 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар қатыса алады. Алайда қатысушылар өте қатаң түрдегі іріктеуден өту керек еді. Ақтық кезеңге тек қана үш шәкірт өте алды. Олар – Павлодар музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатының студенттері.
«Үрмелі және соқпалы аспаптар» бөлімінің студенттері мен «Құрмет» орденінің иегері, «Облыстың білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің иегері В.А.Шлегельдің оқушылары Бақтияр Құрманғазы мен Жасұлан Төрегелді, Павлодар облысының лауреаттарын даярлау бойынша көшбасшы О. В. Шлегельдің шәкірті Өміржан Мағомет академияның финалистері атанып, халықаралық деңгейдегі ауқымды іс-шараға қатысуға тегін жолдама алды.
Музыканттар Джулиен Люк (валторна), Бенуа Кутрис (тромбон), Жасулан Әбдіқалықов (труба), Генри Уиллифорд (флейта) және Йо Матсушита (саксофон) практикалық шеберлік сабақтарын алады.