Павлодарлық Жүсіпбек театры елордаға гастрольдік сапармен шығады

Актерлер Астана қаласында қойылым қояды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры сәуір айының 14-15 күндері Астана қаласындағы «Жастар» театрының сахнасында екі қойылым қояды.
14 сәуір 18:30-да «Джудит жасаған қиын таңдау» (авт., реж.: С.Левицкий) балалар мен ересектерге арналған спектакль-шоуы, 15 сәуір
18:30-да «Ұждан» (авт.: Ш.Құдайбердіұлы, реж.: А.Нигманов) әфсанасын ұсынады.
Билеттерді Тикетон сайтынан немесе байланыс нөмірлері арқылы алуға болады: 8 705 343 3305, 8 705 149 8832.