Павлодарлықтар Наурыз мейрамында тамақтан уланбас үшін не істеу керек?
Эпидемиологтар тамақтан уланудың алдын алу шараларымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Наурыз мейрамында мерекелік дастархан дәмді, бірақ әдетте зиянды, майлы, қорытуға қиын тағамдарға толы. Егер санитарлық талаптар сақталмаса, тамақтан улану түрінде жағымсыз салдар туындауы мүмкін.
– Тамақтан уланған кезде дене қызуының жоғарылауы, жүрек айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауыруы, сусыздану сияқты белгілер пайда болады,– деді деп ескертті департаментте.
Наурыздың дәстүрлі сусыны – көже. Ол жеті тағамнан тұратын көп компонентті тағам. Сонымен қатар, көже – сақтау мен сатудың ерекше жағдайларын қажет ететін тез бұзылатын өнім болып табылады.
Мерекелік іс-шаралар кезінде тамақтан уланудың және инфекциялық аурулардың алдын алу үшін бірқатар ережені есте сақтауға ұсынылады:
- өнімдерді мұқият термиялық өңдеуден өткізіп, көкөністер мен жемістерді мұқият жуыңыз;
- шикі және дайын өнімді бірге сақтамаңыз;
- өнімдерді микроорганизмдердің көбеюіне қолайлы темпаратурада қалдырмаңыз;
- тек жаңа піскен өнімдерді сатып алыңыз;
- жарамдылық мерзімі өткен, таңбалануы анық емес немесе жоқ, ыдыста деформация белгілері бар рұқсат етілмеген сауда орындарында тамақ өнімдерін сатып алудан аулақ болыңыз;
- кремі бар аспаздық өнімдерді сатудың көрсетілген соңғы мерзімінен кешіктірмей тұтынбаңыз;
- тамақтанар алдында, қоғамдық орындарға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз.
Жоғарыда аталған барлық ұсыныстарды орындай отырып өткір ішек инфекцияларынан, тамақтан уланудан және әртүрлі интоксикация аурулар түрлерін болдырмауға көмектеседі.
Аурудың мен уланудың алғашқы белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.