Павлодарлықтар сүт безі обырын тегін тексере алады

Павлодарлықтар сүт безі обырын тегін тексере алады
Фото: Константин Шелков

Онкодиспансерде ашық есіктер күні өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Дүниежүзілік сүт безі обырына қарсы күрес күніне орай  облыстық онкологиялық диспансерінде ашық есіктер күні өтеді.

– Сіздерді денсаулығыңызға уақыт бөлуге және онкологиялық диспансер мамандарының кеңесінен тегін өтуге шақырамыз, – делінген хабарламада.

Ашық есіктер күні 7 қазанда сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін, Российская көшесі, 57/3 мекенжайы бойынша өтеді. Қосымша ақпарат алу үшін 66-00-91, 66-00-97, 66-00-98 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.