Павлодар облысында аурухана есепшілері жазаланды
Мемлекеттік сатып алу заңын бұзғаны үшін олар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірнеше медициналық мекеменің қызметкерлері кәсіпкерлерге келісімшарттық құжаттарды қайтармаған.
Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді.
- Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында талдамалық жолмен 6 медицина мекемесі кәсіпкерлерге жалпы сомадан қамтамасыз ету шеңберінде енгізілген шартты 3% мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қайтармағаны анықталды, - деп атап өтті ведомствода.
Осындай медициналық ұйымдардың қатарында Железин, Баянауыл, Ақтоғай аудандары, Аққулы ауданы ауруханалары, Ақсу қалалық ауруханасы бар.
Департамент істі бақылауға алғаннан кейін 10 кәсіпкер өздеріне тиесілі ақшаны қайтарып алды.