Шарбақты ауданының үш ауылында су құбырлары салынуда
Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Шарбақты ауданына барды, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
– Биыл мұндағы Малиновка, Сынтас және Сахновка ауылдарында су құбырлары салынуда. Жұмыстар 60% орындалды. Желілер және үйлерге дейінгі құбырлар тартылды, қазір сорғы және тазарту станциялары салынуда. Аудан басшылығына бақылауды күшейтіп, сумен жабдықтау желілерін қарашаның басына дейін іске қосуды тапсырдым, – деп жазды аймақ басшысы Іnstagram парақшасында.
Сондай-ақ ол «Шарбақты-Бидай Терминал» ЖШС-де астық қоймасы мен теміржол тұйығының құрылысымен танысты. Өндірістік қуаттылығы – тәулігіне 2400 тонна, инвестиция көлемі – 500 млн теңге. Бұл – ауыл шаруашылығын дамытудың және жергілікті халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етудің жақсы мысалы.
Аудандық қоғам қайраткерлерімен және ақсақалдармен келесі жылға арналған жоспарлар талқыланды. Кентішілік және кірме жолдарды салуды жалғастыру, Шегірен мектебін күрделі жөндеуден өткізу, үш ауылдық медициналық орталықты автокөлікпен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Ал, Сынтас, Татьяновка, Сахновка және Шошқалы ауылдарында интернет қосылады.
Кездесуге қатысушылардың ауданды дамыту бойынша барлық ұсыныстары назарға алынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram