Қараша айында Павлодарда қалыптан тыс ауа райы тіркелді

Биыл өңірде көпжылдық климаттық нормадан асып түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, ұзаққа созылған күз жиі болған Батыс және Оңтүстік циклондармен және Иран мен Жерорта теңізі аймақтарынан жылы ауа массаларының болуымен байланысты.
– 18 қараша–ең жоғары температура тіркелген күн болып саналады. Сол күні +10...+18 °C-қа дейін жылы болды,– деді «Қазгидромет» РМК Павлодар филиалының метеопрогноздар бөлімінің басшысы Оксана Овсянникова.
Ал 18 және 19 қараша Павлодар қаласы бойынша көпжылдық ең жоғары температурадан асып түсті.
18 қарашада 14,9°C жылу байқалды. Соңғы рет осындай ауа райы 2001 жылы тіркелген болатын. Ал 19 қараша күні сынап бағанасы 12°C-қа дейін көтерілді. Соңғы рет жоғары температура 2001 жылы тіркелді.