Таза өлке: Павлодарлық мектеп-интернат экологиялық акцияға қосылды

Таза өлке: Павлодарлық мектеп-интернат экологиялық акцияға қосылды

Мектеп ұжымы аумақты қоқыстан тазартты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Науқан бес аптаға созылады. Әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналған.

«№ 1 арнайы кешен-балабақша- мектеп-интернаты» қызметкерлері экологиялық акциядан қалыс қалмай «Таза өлке» сенбілігіне белсенді қатысты. 

– Тату  ұжыммен мектеп қызметкерлері мекеме аумағын абаттандырды, ұзақ қыстан кейін мектеп бақшасын ретке келтірді, аумақты қоқыстардан тазартты және ағаштарды әктеді,– деді мектеп басшылығы. 

Бақша аумағында жер қазылып, жылыжай жұмысы қайта жанданды. Наурыз айынан бастап көшеттерді отырғызу және күту белсенді жүргізілуде және гүлдер мен көкөністердің өскіндері жақын арада жерге отырғызылады.