Павлодарда жылдың үздік қазақ тілі мұғалімі анықталды

Павлодарда жылдың үздік қазақ тілі мұғалімі анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Конкурс нәтижесінде 12 мұғалім жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

5 наурыз бен 20 сәуір аралығында қалалық білім беру бөлімі «Үздік қазақ тілі мұғалімі - 2024» конкурсын өткізді.

Мақсаты – ҚР «Тіл туралы» Заңын жүзеге асыру, педагогикалық тәжірибені тарату, мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін қолдау және ынталандыру.

Конкурсқа қаладағы 23 жалпы орта білім беру мектеп пен 5 балабақшаның педагогтері қатысты. Мұғалімдер өздерін және мамандығын, инновациялық идеяларын, шығармашылық жұмыстарын, педагогикалық жетістіктерін таныстырды. 

Бас жүлдеге № 2 мектеп мұғалімі Әсем Жұманова, № 18 мектеп мұғалімі Айдана Үсенова, № 42 мектепке дейінгі гимназия тәрбиешісі Гүлзайнат Макулбекова ие болды.

І орынды Кенжекөл ЖОМ мұғалімі Әйгүл Апсаликова, № 72 балабақшаның тәрбиешісі Сара Сапархан иеленді. II орынды М. Әуезов атындағы мектептің мұғалімі Әсемгүл Хамитова, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің мұғалімі Нұрлан Абдула иеленді.

III орынға Б. Момышұлы мектеп мұғалімі Кұралай Абылгазинова, Р. Нуртазина атындағы мектеп мұғалімі Жанетта Жумагожина ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.