Екібастұзда суға батқан жасөспірімнің денесі табылды

Екібастұзда суға батқан жасөспірімнің денесі табылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оны төрт күн іздеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД құтқарушылары 4 шілдеде Солнечный кенті Шандықсор көлінде тыйым салынған жерде шомылу кезінде суға батып кеткен 2009 жылы туған жасөспірімнің денесін судан алып шықты.

Еске сала кетейік, баланы іздеуге Жедел-құтқару жасағының күштері 6 қызметкер, 2 техника, 2 жүзу құралы, сондай-ақ, эхолот тартылды. Іздеу шаралары қолайсыз ауа райымен қиындатылды. Қатты жел мен толқындар кедергі жасады.