Ақсу ауылының бірінде полиция инспекторының мәйіті табылды
Ер адамның мәйіті мал қорасынан табылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінде табылған.
Марқұмның әйелі үйде жанжалдар жиі болатынын айтқан.
–Аталған факті бойынша ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті