Кенжекөлде жеке тұрған үй мен моншадан шыққан ірі өрт сөндірілді

Кенжекөлде жеке тұрған үй мен моншадан шыққан ірі өрт сөндірілді
Фото: облыстық ТЖД

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 мамырда сағат 22:47-де Кенжекөл ауылында орналасқан жеке үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үш бөлмелі газоблоктан құралған үйдің төбе шатырының ағаш құрылымы және үй жанынан салынған моншаның екі бу бөлмесінің төбе шатыры өртке оранғанын анықтады. Өрттің жалпы ауданы 250 шаршы метрді құрады,– деді департаментте. 

Өрт сөндірушілер моншадан сыйымдылығы 27 литрлі 1 газ баллонды шығарды. Павлодар қаласының 3-ӨСБ өрт сөндірушілері үйден тұрмыстық техника, жиһаз, үй заттарын шығарды.  

Өрт болған жерде жедел штаб ұйымдастырылған болатын. Барлығы өрт сөндіру қызметінің 36 жеке құрамы мен 11 техника жұмылдырылып, полицейлер жұмыс істеді. 

Тілсіз жау сағат 00:46-да толығымен жойылды. Себебі мен келтірілген залалы анықталуда, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.