Тереңкөлде ер адам отбасын құтқарып, өзі өртте қаза тапты

Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz
9 қазан таңертең өрт сөндіру қызметінің пультіне жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.
Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үйдің ағаш шатыр құрылымдары толықтай отқа оранған болатын. Оқиға орнында жедел жәрдем қызметкерлеріне 1982 жылы туған ер адам ес-түссіз күйде тапсырылды. Алайда өрт сөндіру қызметі келгенге дейін ер адам өз әйелі мен үш баласын терезе арқылы құтқарып үлгерген. Барлығы жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.
Өкінішке қарай, ер адам ауруханада қайтыс болды.
Өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.