Ақсу жайылмасында шөп пен қамыс жанды

Ақсу жайылмасында шөп пен қамыс жанды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жалын шарпыған жалпы аумақ 48 гектарды құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы 11 сәуірде Ақсу қаласының жайылма аумағында, «Энергетик» бағбаншылық қоғамының маңында құрғақ шөп пен қамыс жанған. 

Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің, жергілікті атқарушы органдардың және қала құраушы кәсіпорындардың үйлесімді әрі жедел жұмысының нәтижесінде өрт сағат 22.16-да толық сөндірілді.