Павлодарда диірмен кешені өртенді

Павлодарда диірмен кешені өртенді

Астық кептіргіште 15 тонна көлемінде күнбағыстың түтіндеуі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, департамент қызметкерлері диірмен кешенінің аумағында өрттің алдын алды.

29 қазан күні «Аслан» диірмен кешенінің аумағында астық кептіргіштің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі дереу шақырту орнына шықты. 

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер астық кептіргіште шамамен 15 тонна көлемінде күнбағыстың түтіндеуін анықтады. Өрт сөндірушілердің күшімен тез арада тоқтатылды. Шақырту орнында бес бірлік техника мен 18 қызметкер жұмыс жасады.

ТЖД қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады: кептіру жабдығын дұрыс пайдалану керек, жарылғыш шаң ауа қоспаларының пайда болуын және тұтану көздерінің пайда болуын болдырмау үшін тазалау қажет. Жабдықтың, электрониканың және қауіпсіздік жүйелерінің күйін тексеру төтенше жағдайлардың алдын алудың міндетті шарасы болып табылады.