Ерлік ұмытылмайды: Майқайыңда қаза тапқан құтқарушыларға арнап ескерткіш ашылды

Ерлік ұмытылмайды: Майқайыңда қаза тапқан құтқарушыларға арнап ескерткіш ашылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар болашақ ұрпаққа батырлықтың, адалдықтың, елге қызмет етудің жарқын үлгісі ретінде қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Майқайың кентінде қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан тау-кен құтқарушыларының ерлігіне арналған ескерткіштің ашылу салтанаты өтті.

– Бұл маңызды шара – ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған құтқарушылардың есімін мәңгі есте қалдыруға бағытталды. Ерлікпен қаза тапқан Айып Тлеубергенов, Айдос Шаймерденов, Олег Тышкевич және Саркыт Бердіханның есімі мәңгі жадымызда, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Батырғожинов.

Оның сөзінше, бұл — тек бір отбасының емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырған қаза. Батырлардың мезгілсіз қазасы – отбасы үшін орны толмас қасірет, ал күллі қазақ елі үшін ауыр қайғы.