Павлодардың басты сахнасында TASSO мен HIRO өнер көрсетеді

Павлодардың басты сахнасында TASSO мен HIRO өнер көрсетеді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өнерпаздар Ertis Promenade сахнасында ән шырқайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының Ertis Promenade бас сахнасында 24-28 маусым аралығында павлодарлықтарды және қала қонақтарын концерттер, вокалдық байқаулар және ашық аспан астындағы спорттық жаттығулар күтеді.

24 маусым күні сағат 20:00-де «Тұмар» эстрадалық вокал студиясының есеп беру концерті өтеді. Көрермендерді ұмытылмас шығармашылық нөмірлер күтеді.

25 маусымда қала тұрғындарына «Павлодар на спорте» жобасы аясында TOP STAR фитнес-клубының түрлі форматтағы жаттығулары ұйымдастырылады. Спорттық шара сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін жалғасады.

Жұма күні сағат 19:00-де ерке Ертістің жағасынада Баянауыл ауданының шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарлама ұсынады. Павлодарлықтар мен қала тұрғындарын қызықты интерактивтер мен креативті нөмірлер күтеді.

27 маусымдағы іс-шаралар таңғы жаттығудан басталады. «Павлодар на спорте» жобасы сағат 09:00-ден 10:00-ге дейін өтеді. Ұйымдастырушылар шаһар тұрғындарын демалысты ауқымды спорттық шарамен бастауға шақырады.

Дәл сол күні сағат 16:30-да «ERTIS DAUYSY 2026» вокалдық байқауы ұйымдастырылады. Қала тұрғындары Ертіс-Баян өңірінің таланттарының өнерлерін тамашалай алады.

Ал кешкі сағат 19:00-де «Ретро» вокалдық ансамблі «Музыка без границ» атты концертін ұсынады. Кештің арнайы қонақтары – TASSO және HIRO.

28 маусым күні сағат 19:00-де павлодарлықтар мен қала қонақтары «DALA SOUND» концерттік бағдарламасын тамашалай алады.

Осылайша, ағымдағы аптада павлодарлықтар әуезді әндер тыңдап қана қоймай, таза табиғат аясында спортпен шұғылдануға мүмкіндік алады.