Павлодарда екі облыстың айтыскерлері жекпе-жекке шығады
Кіру тегін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
25 қазан күні, сағат 15:00-де Павлодар және Ақмола облыстарының дәстүрлі өнер өкілдері арасында командалық сайыс өтеді.
Өнер додасында екі облыстың айтыскерлері, күйшілері мен жыршы-термешілері жекпе-жекке шығады.
– Құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызды жерлестерімізге қолдау көрсетуге шақырамыз! – дейді «Шаңырақ» халық шығармашылығы орталығында.
Қазылар алқасының төрағасы – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, жүргізуші – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтаев.
Кеште Абзал Қабдраш, Рауан Қайдар, Аспанбек Шұғатай, Қайрат Айтпаев, Ерлан Аманқожа, Бөкен Жігер, Дәуренбек Слямғали, Жанель Қисатова, Жалын Құнанбай өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Естай атындағы мәдениет сарайы. Басталуы: сағат 15.00-де.