ЖРВИ: Павлодарда жедел жәрдем шақыру толастамай тұр
103 қызметіне келіп түскен қоңыраулар саны екінші ай бойы кейде 1 мыңнан асады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, соған қарамастан, дәрігерлер шұғылдылық санатына сәйкес әр қоңырауды уақытында пысықтайды.
Демалыс күндері облыстық жедел жәрдем станциясы жоғары жүктемемен жұмыс істеді. 22 желтоқсанда тәулігіне 600-700 шақыру кезінде дәрігерлер – 961 шақыруға, 23 желтоқсанда – 1008 шақыруға, ал 24 желтоқсанда – 964 шақыруға шықты.
– ЖРВИ-мен байланысты қоңыраулар саны азаймайды. Адамның жоғары температурасына байланысты қоңыраудан кейін ұзақ күту туралы шағымдар түсе бастады. Мұндай қоңырауларға жеделдіктің төртінші санаты беріледі және олар 60 минут ішінде өңделеді, – дейді жедел жәрдем станциясы басшысының орынбасары Ольга Вербовая.
Оның айтуынша, жедел жәрдем қызметінде бірінші кезекте пациенттің денсаулығы мен өміріне нақты қауіп төнген қоңырауларға басымдық беріледі.
– Бұл – ЖКО, биіктіктен құлау, күйік, улану және гипотермия жағдайлары, тұрмыстық ауыр жарақаттар. Сонымен қатар, жедел жәрдем мәдени-бұқаралық іс-шараларға қызмет көрсетуге қатысады. Тек соңғы бірнеше күнде Павлодарда үш ірі оқиға тіркелді. Әрине, біз үшін әр қоңырау маңызды, бірақ жоғары жүктеме көбейген кезде қоңырауларды ауырлығына қарай бөлуге мәжбүрміз, – дейді Ольга Вербовая.
Облыстық жедел жәрдем станциясында жоғары жүктемеге байланысты 103 желісі бос болмауы мүмкін емес екені жайлы еске салады. Мұндай жағдайларда қосымша қалалық нөмірлер қолданылады: +7 (7182) 323778, 320024. Бұл нөмірлер бойынша тәулік бойы қоңырау шалуға болады.