Павлодарлықтарға ХҚКО-да тегін заңгерлік көмек көрсетіледі
Іс-шараға әділет органдарының қызметкерлері мен құқық саласының мамандары қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда 19 маусым күні «Ашық есік күні» акциясы өтеді. Оның аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетіледі.
Қабылдау сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Павлов көшесі, 48 мекенжайында орналасқан №1 Халыққа қызмет көрсету бөлімінде ұйымдастырылады.
Іс-шараға Павлодар облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, адвокат, жеке сот орындаушысы, нотариус және заң консультанты қатысады.