Жүлде қоры жарты миллиард теңге:Павлодарлықтар эссе жазудан жарыса алады
Эссе тақырыбы – сыбайлас-жемқорлық, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жұмыс істейтін жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта эссе конкурсы ұйымдастырылмақ. Аталмыш байқау облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Байқаудың басты мақсаты - жастардың белсенді азаматтық ұстанымын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру. Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар қатыса алады.
Конкурстық комиссия өтінімдерді бағалайды және жеңімпаздарды келесі көрсетілген критерийлер бойынша анықтайды. Комиссия мүшелері жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігіне, автордың жұмыс мазмұнын ашудың негізділігі мен тереңдігіне, конкурстық жұмыстың әлеуметтік маңызына, авторлық көзқарастың күрделілігіне, шығармашылық және тәуелсіз ойлаудың көрінісіне, сауаттылығына назар салатын болады.
Конкурстық комиссияны бағалау нәтижелері негізінде төрт жеңімпаз анықталады. Жалпы жүлде қоры –600 000 теңгені құрайды.