Павлодарда әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне өтініш қабылдау басталды

Павлодарда әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне өтініш қабылдау басталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өтінімді оффлайн түрде беру қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, өтінімдер 1-15 наурыз аралығында Астана көшесі, 61, 1-қабат, 112 және 114-кабинеттерде қабылданады.

– Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл азаматтар мен қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ықпал ететін кәсіпкерлік қызмет. Егер сіздің ЖК немесе ЖШС әлеуметтік осал топтарға қызмет көрсетсе, тауар өндірсе немесе олар үшін жұмыс орындарын құрса, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне ену мүмкіндігіңіз бар, – деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Басқарма жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді (түскі үзіліс: 13:00-14:30).

15 наурыздан кейін берілген өтінімдер қабылданбайды.

Толық ақпаратты Астана көшесі, 61, 112-кабинеттен немесе 32-33-21, 32-33-09 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.