Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Облыстық әкімдікте Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың қатысуымен аппараттық жиналыс өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ирина Назарчук 2024 жылғы тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Барлық базалық негізгі макрокөрсеткіштер бойынша оң динамика жалғасуда. Үш қалада, сондай-ақ, Железин, Май, Успен және Тереңкөл аудандарында оң нәтиже байқалады. Сонымен қатар Павлодар және Шарбақты аудандарында төрт индиктор бойынша оң көрсеткіш тіркелген.Дегенмен, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, құрылыс және тұрғын үйді іске қосу саласында динамика көңіл көншітпейді.
Облыстың бас экономисінің айтуынша, Шарбақты ауданының әкімдігі ай сайынғы жоспарларға ресми түрде қарап, жүз пайыз орындамаған.
– Шарбақты ауданы бойынша ескертулер қабылданады. Формалды көзқарас болмауы керек. Мұндай жағдайлар байқалса, тиісті басшылар жауапкершілікке тартылуы керек. Осы мәселеге жауапты тұлғаға сөгіс жариялаймын, – деді Асайын Байханов.
Жиналыс соңында облыс әкімі әрбір басшының жауапкершілігін еске салып, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қолда бар барлық мүмкіндіктерді тартуды талап етті.