Астаналықтар Павлодар облысында нашақорлықты болдырмау жолдарын айтты

Олар есірткіге қарсы күресті алдын алу тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімдігінде ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің мүшелерімен кездесу өтті. Отырыста жасөспірім балаларды есірткі тәуелділіктен арылту, нашақорлыққа қарсы күресті насихаттау мен оның қадамдарын іске асыру барысы талқыланып, нақты ұсыныстар тыңдалды.
– Бұл полицияның проблемасы ғана емес. Мемлекеттік, құқық қорғау органдары бар. Бүгінде нашақорлықтың мүмкіндігі ұлғайып отыр. Қоғамды тартпасақ, бұл жұмыс алға жылжымайды. Бәріміз қосылып профилактика, насихаттау, алдын алу бойынша жұмыс істуіміз керек. Жастарымыз – Қазақстанның болашағы. Олардың мемлекеттегі орны бөлек, – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов.
ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың сөзінше, кеңесте жалпы 24 адам бар. Оған барлық өңірлерден жиналған Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің барлық қоғам қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, атақты спортшылар, блогерлер және өскелең ұрпақтың тағдырына бей-жай қарамайтын адамдар кіреді.
– Кеңестің алғашқы сапары Павлодар облысында болып отыр. Торайғыров атындағы университеттегі студенттермен кездесіп, сол жерде жақсы мәселелер талқыланды. Біз талдау жасап, тәсілдерді өзгерту үшін не қажет екенін көрдік. Егер бұрын солтүстіктен героинінің түсуі маңызды мәселе болса, қазір синтетикалық есірткінің ішкі өндірісімен бетпе-бет келіп отырмыз, – деді Қуандық Әлжанов.
Ал Туризм және спорт министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ІІМ Кеңесінің мүшесі Диас Ахметшәріп спортты халық арасында белсенді тарату мәселесін көтерді.
– Балаларымыз спортпен көбірек айналысуына жағдай жасау керекпіз. Олар пір тұтатын адам керек. Біз балаларға бағыт беруіміз қажет, содан кейін қандай да бір қорытындыға келеміз, – деді Диас Ахметшәріп.
Қазақстан Республикасы ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің екінші басқармасының бастығы Сергей Ильиных та осы тақырыпты көтеріп, балалардың бос уақытын дұрыс қамтудың пайдасын айтты.
– Спорт алаңдары салынып жатыр, көптеген секциялар бар. Бірақ сұрақтың түбі басқа жерде. Балалар компьютерден шықпайды. Мысалы, Астанада бірқатар ірі ауқымды іс-шаралар өткізілнді. Егер мүмкін болса, Павлодарда спортпен шұғылдануға қызығушылық болу үшін қарапайым аула кубогын ойлап табу керек шығар. Не болмаса балаларды спортқа тарта алатын атақты спортшылармен сөйлесу керек. Олар келіп, аулада балалармен футбол ойнаса, қолтаңба беріп, суретке түссе оған аз шығын кетеді емес пе, – деді Сергей Ильиных.
Сондай-ақ, ол елорда мысалында оқушыларға наркотест жасау жайлы сөз етті.
– Бұл тестілеу көптеген ата-ананың сынына іліксе де, ол қоғамға керек нәрсе. Бізде адамның денесіндегі психоактивті заттардың 24 түрін 3 минут ішінде анықтауға қабілетті тесттер шығаратын төрт фирма бар. Тесттер кез-келген дәріханада сатылады. Олардың құны 4500 теңге және одан жоғары. Егер осындай тест үйде болса, бұл жас ұрпақ арасында есірткіні қолданудың шекті қорқынышы болады.
Оның сөзінше, ата-аналар балаларының есірткі қолданбауына мүдделі болуы керек.
Айта кету керек, соңғы бес жылда өңірде 29, 2 килограмнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді және жыл сайын синтетиканы алу динамикасы артып келеді. 2025 жылы 52 есірткі құқық бұзушылық тіркелді.