Құран жарысының бас жүлдесі Кенжекөл ауылдық мешітінің өкіліне бұйырды

Құран жарысының бас жүлдесі Кенжекөл ауылдық мешітінің өкіліне бұйырды

Сайысқа барылық аудандар және  қалалық мешіттерден шәкірттер  қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХII респуликалық Құран жарысына Павлодар облысы бойыншы іріктеу сайысы өтті.  Шара Ертіс ауданы Ержан мешітінің бас имамы Бақытбек Төлегенұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеумен басталды.

Жарыс қортындысы бойынша бас жүлде Кенжекөл ауылдық мешітінің өкілі Ақбас Нұрисламға берілді. Бірінші орынға Ақтоғай ауданы Жандарбек мешітінің шәкірті Әлихан Мұратов, екінші орынға Палодар қалалық Ақмешіт мешітінің өкілі Ержан Әмірәлиев, үшінші орынға  қалалық Әбу Бәкір Сыддық мешітінің шәкірті Мұхтар Абдурахманға берілді. Барлық қатысушыларға ақшалай ынталандыру сыйлықтар табыс етілді. 

Ертіс ауданының  бас имамы Бақытбек Төлегенұлы жарыс соңында осы жарысқа демеушілік жасаған Айдос Зайнешевке алғыс білдіріп, қасиетті Құран  кітабын сыйға тартты.