Павлодар облысында күзгі орман отырғызу жұмыстары басталды

Павлодар облысында күзгі орман отырғызу жұмыстары басталды
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

Ағаш отырғызуға 400-ге жуық жұмыскер жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Ертіс орманы» резерватының мәліметінше, күз мезгілі қарағай отырғызуға қолайлы, өйткені ылғалдылық жеткілікті болады.

– Табиғи резерваттың 16 орманшылығының орманшылары күзгі орман отырғызуға кірісті. Табиғи резерват ормандары сегіз миллион түп жас қарағай көшетімен толығады, – дейді резерватта.

Бұл орман екпелері алып жатқан орман қорының 1498 гектарға жуық жерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Отырғызу механикаландырылған тәсілмен МТЗ-82 тракторлары базасында SN-1 маркалы ағаш отырғызу машиналарымен жүзеге асырылуда. Резерваттың жеке тұқымбақтарында өсірілген екі жылдық отырғызу материалдары қолданылады.

Ағаш отырғызуға 400-ге жуық жұмыскер және 81 орман отырғызу машинасы жұмылдырылды.