Үндістандық профессор павлодарлықтарға акварель жұмыстарының көрмесін ұсынады

Үндістандық профессор павлодарлықтарға акварель жұмыстарының көрмесін ұсынады
Фото: Константин Шелков

Халықаралық көрме С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

7 қараша күні «Айна» галереясында «Немалевичи» акварель шеберханасы және Курукшетра университетінен келген үндістандық профессор Рам Виранжанның «Өзеннің ғажайып түстері – 2024: Қазақстан-Үндістан» атты акварель жұмыстарының көрмесі ашылады.

Көрменің ашылуына Үндістанның Қазақстандағы елшілігі жанындағы Свами Вивекананда атындағы мәдени орталықтың директоры м-р Санжай Веди мырза қатысады.

Көрмеге 60 акварельді кескіндеме жұмыстары, сондай-ақ 25 қатысушыдан тұратын «Немалевичи» акварель шеберханасы, негізінен кәсіби емес суретшілер, түрлі кәсіп өкілдері және шеберхана жетекшісі Светлана Кравченко қатысады. Бұл жұмыстарда Үндістанның сұлулығына, мәдениетіне, дәстүрлеріне айтарлықтай орын берілген. Алғаш рет профессор Рам Виранжан мырза, 10 акварельден тұратын «Қазақстанның қысқы ауыл пейзаждары» атты өз сериясын көрмеге  ұсынатын болады.

Көрме негізгі бай тарихи және рухани мұрасы бар Қазақстан-Үндістан қатынастарының екіжақты мәдени байланыстарын дамытуға бағытталған.

Көрмені желтоқсанның 4 дейін тамашалауға болады.