BileFest 2025: Павлодарда заманауи би фестивалі өтеді

Байқаусыз форматта өтетін фестивальде тек өнер мен шабыт басты орында, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, бұл фестиваль өңірдің түкпір-түкпірінен келген талантты бишілер мен орындаушыларды бір сахнаға жинайды.
– Фестиваль аясында street dance, hip-hop, contemporary, этникалық және халық би бағыттарында өнер көрсетіледі. Ерекшелігі – байқау сипатында емес, таза өнер мен шабытты насихаттайтын форматта өтеді. Қазылар алқасы да, жүлде де қарастырылмаған, – делінген хабарламада.
Финалдық гала-концерт 18 шілде күні кешкі уақытта Ertis Promenade сахнасында ұйымдастырылады.
Кастингтер 9 және 10 шілде күндері сағат 16:00-де өтеді. Өтетін орны тіркеуден кейін хабарланады.
Қатысуға өтініш беру және қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірі: +7 (706) 427-95-62.