Павлодарда ұлттық тағамдардан дегустациялық көрме ашылады

Шарада сервис және тамақтану колледжінің өндірістік оқыту шеберлері тағамдарды дайындайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
15 сәуірде облыстық кітапханада сағат 11:00-де ұлттық тағамдардың ерекшелігі көрсетіледі.
Тұрғындар «Бауырсақ - қазақтың ұлттық тағамы» және «Сүт өнімдері» көрме-дегустацияға қатысып, тәттілерден дәм тата алады. «Наурыз көже» дайындау және «Жент – қазақ шоколады» атты шеберлік сабақтар өтеді. Сондай-ақ, «Ұлттық құндылықтар - еліміздің рухани қазынасы» танымдық кітап көрмесі мен ұлттық ыдыс-аяқтардың көрмесі ұйымдастырылады.