2024 жылы Павлодарда ауруханалар кеңейтіледі
Бірқатар медициналық нысандарға қосалқы ғимараттар салынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов Естай атындағы мәдениет сарайында қала тұрғындарымен тұрақты кездесуде мәлім етті.
– Қазір біз облыстық кардиологиялық орталыққа, облыстық балалар ауруханасының жаңа корпусына, №3 және №5 емханаларға, сондай-ақ уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына қосымша бөлімше салуды жобалап жатырмыз, – деді Асайын Байханов.
Оның сөзінше, келесі жылдың қаңтар айында И.Байзақов көшесіндегі медициналық колледж студенттеріне арналған жатақхананы қайта құру жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ, № 1 қалалық аурухананы ауқымды қайта құрудың бірінші кезеңін аяқтау жоспарланған.