Павлодарда төрт мемелекеттің кордиологтары бас қосты

Павлодарда төрт мемелекеттің кордиологтары бас қосты

Облыстық кардиоорталықтың 10 жылдығына орай халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Биыл Павлодар облысындағы кардиоорталықтың құрылғанына 10 жыл толды. Осы жылдар ішінде 20 мыңнан астам ота жасалып, 46 мыңға жуық науқас дертіне шипа тапты. Орталықта жүргізілетін операциялардың 7 күрделі деңгейінің 6 деңгейі іске асырылады.

25 және 26 мамырда Ресей, Армения, Сербия және Қазақстаннан кардиохирургия және интервенциялық кардиологияның жетекші мамандарының қатысуымен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Бүгін іс-шараның бірінші күні кардиохирургия желісі бойынша 7 бірегей операция жүргізіліп, оның 3-і кардиохирургия желісі бойынша өткзілді.

Олардың ішінде жасанды протездерді қолданбай, өз тіндерінен жасау арқылы клапанды протездеу. Бұл пациенттің клапанды сатып алуға қаржылық шығындарын жояды.

Сондай-ақ, қол жетімділікті өзгерту операциясы жасалды. Хирургиялық араласу аз инвазивті әдіспен, кішкене кесу арқылы жүзеге асырылады. Бұрын бұл операция дәстүрлі түрде, үлкен кесу арқылы, сондай-ақ сүйектерді кесу арқылы жасалды. Бұл операция әдісі жұмсақ және қалпына келтіру кезеңін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Келесі 6-деңгейдегі "Дэвид операциясы". Қолқа тамырының өсіп келе жатқан бөлігін кеңейту арқылы протездеусіз жарамсыз болған клапан сақталады.

- Біз кардиохирургиялық қызметте, тек біздің өңірде ғана емес, бүкіл республикада жаңашыл болып табыламыз. Соңғы уақытта біз аз инвазивті операциялық араласуларды енгізіп жатырмыз, симуляциялық операцияларды жүргізіп жатырмыз. Яғни, бұл өкпе ісігі мен жүрек патологиясы болған кездегі операциялар. Науқасты басқа емдеу мекемесіне жібермеу және операцияны қайта жасамау үшін біз екі операцияны бір кезеңмен жасаймыз, - деді орталық директоры Гүлжанат Джакова.

Облыстың бас кардиохирургы атап өткендей, бүгінгі таңда орталықта 598 қызметкер жұмыс істейді, оның 80% - ы ашылған күннен бастап жұмыс істейді. 

- Бұл адамдар жұмысқа берілген, кез келген уақытта көмекке келуге дайын және олар өз ісінің мамандары, - деп орталық директоры қорытындылады.