Биыл Павлодар облысында жетпіске жуық егіз туды

Биыл Павлодар облысында жетпіске жуық егіз туды
Фото: Константин Шелков

Жалпы тоғыз айдың қорытындысы бойынша 7447 сәби дүниеге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті. 

– Жыл басынан бері 68 егіз бала өмірге келді, үшемдер болған жоқ. Барлық балалар дәрігерлердің үнемі бақылауында, – деді басқарма басшысы. 

Оның сөзінше, биылғы жылдың тоғыз айында есепте 7 270 жүкті әйел тұр. Көрсеткіштерге сүйенсек, өткен жылмен салыстырғанда жүкті әйелдер саны 161-ге азайды. Жас ата-аналар мектебінде үнемі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жүкті әйелдердің ерте келіп, қарала бастағанына әсер етті. Нәтижесінде жүктіліктің ерте сатысында дәрігерлерге келу бойынша көрсеткіш 90,3%-ды құрады. Яғни,  ұлттық жобаның жоспарлы көрсеткішінен 5,3%-ға жоғары.