25 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі

25 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауып, тұман түседі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы солтүстік-батыстан секундына 9–14 метрге жетеді. Солтүстік және шығыста екпіні 15–20 метр болатын жел тұрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысында түнде ауа температурасы +8…+13°C,  күндіз: +20…+25°C дейін көтеріледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, солтүстік және шығыс бөліктерінде тұман күтіледі.

Ал Павлодар қаласында түнде сынап бағаны +10…+12°C-ді көрсетсе, күндіз: +22…+24°C дейін көтеріледі. Аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады.