Аманаттықтар Байет ауылындағы клубтың құрылысын сынға салды
Ауыл тұрғындары көптен күткен жаңа клубтың жағдайы қауіпті деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұз қалалық мәслихатының депутаттық фракциясы мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Татьяна Шмидт Байет ауылына барды. «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында клуб құрылысы 2023 жылдың тамызында аяқталуы тиіс еді, алайда нысан әлі де пайдалануға берілмеген.
Депутаттар елеулі кемшіліктерге көз салды: шатырдан су кету, қабырғалар арқылы су ағып жатыр, кабинеттердің біріндегі едендер суланып, құлай бастаған. Жағдайдың қауіптілігіне байланысты электр қуаты өшірілді. Кіреберіс тобында плиткалар жартылай құлап, күнқағардың әрлеу материалы тайып кеткен. Акт залында өте төмен сапалы креслолар орнатылған.
Жобаға тапсырыс беруші – Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі.
– «ТАИР» ЖШС мердігері сот шешімі бойынша тұрақсыздық айыбын төледі, бірақ жосықсыз өнім беруші деп танылмады. Жұмыстар орындалды, алайда креслолардың сапасына қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көзделмеген, – дейді аманаттықтар.
Ауыл тұрғындары көптеген жылдар бойы жаңа клуб күтті.
– 270 миллион теңгеден астам игерілді, бірақ енгізу актісі жоқ, аумақты абаттандыру орындалмады. Жұмыстың аяқталу мерзімі белгісіз, сот процестері жүргізілуде, – деп атап өтті партиялықтар.
Сондай-ақ, биыл Байет ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт салу жоспарлануда.
– Инженерлік коммуникациялар жүргізілді, бірақ жұмыстар басталмады, учаскесі қоршалмаған, жер жұмыстары әлі жүргізілмеді. ФАП құрылысының мерзімі белгісіз. Депутаттық сауал Павлодар облысының құрылыс басқармасына жолданды, – делінген хабарламада.
Партиялықтардың айтуынша, қалыптасқан жағдай мердігерлер тарапынан да, тапсырыс берушілер тарапынан да жауапкершіліктің жеткіліксіздігін көрсетеді. Қатаң бақылау шаралары қажет және жұмыстың кешігуі мен сапасыз жұмыс үшін кінәлілердің барлығы жауапқа тартылуы керек.