Павлодар ауданында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Павлодар ауданында болған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Апат салдарынан жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Алдын ала деректер бойынша, 29 қазанда Павлодар ауданына қарасты Заңғар  ауылы маңында «Павлодар – Славгород» автожолында «Мазда-323» маркалы автокөліктің жүргізушісі КамАЗ автокөлігінің тіркемесімен соқтығысқан.

– Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады, – деді облыстық полиция департаментінде.

Департамент осындай қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды жол учаскелерінде, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жай-күйін үнемі бақылап отыруды ескертеді.