Павлодарда Семейге баратын жол қалпына келтірілді

Павлодарда Семейге баратын жол қалпына келтірілді
Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі

Жөндеу жұмыстары салқын жону әдісімен жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысында автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов қ.» автомобиль жолының 15-17, 18-25 және 34-42 шақырым аралығындағы учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстарының аяқталғаны және қолданысқа берілгені туралы мәлім етті.

Бұл автомобиль жолы Іб және ІІ техникалық санатқа жатады.

Жөндеу жұмыстары салқын жону әдісімен жүргізіліп, артынан 64 мың м2 ауданда асфальтбетон қоспасынан жолдың үстіңгі жабыны төселді. Сондай-ақ, 74 мың м2 ауданда жол жабыны жонылып, жаңа асфальтбетоннан үстіңгі қабат салынды.

Аталмыш жұмыстар автожолды нормативті жағдайда ұстап тұруға, қауіпсіз және қолайлы қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған.