19 маусымда Павлодар облысына күн ысып, шаңды дауыл болады

19 маусымда Павлодар облысына  күн ысып, шаңды дауыл болады
Фото: Константин Шелков

Аймақтың басым бөлігінде қатты жел соғады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидроменттің мәліметінше, ҚР барлық аумағында күн күркіреп жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта бұршақ пен дауыл, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде найзағай, шаңды дауыл болады деп болжануда. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде аймақтың солтүстігі мен батысында 15-20 м/с дейін, күндіз 15-20 м/с дейін, батысында және оңтүстігінде 23-28 м/с дейін болады.

Павлодарда 19 маусымда күндіз найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с дейін, күндіз ауа температурасы 35-37 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде.

Түнде температура +15...+20°C, күндіз + 34...+39°C көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м / с құрайды.