Май ауданында балаларға лагерьде қымыз беріледі
Емдік сусын бүлдіршіндерге төрт жыл қатарынан ұсынылып келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Қымыз ағзаға жан-жақты әсер етеді, ас қорыту органдарының, жүрек-қан тамырларының, жүйке жүйесі мен басқа да органдардың қызметін жақсартады. Қымыздың әсері бүкіл ағзаны өзгертеді. Физиологиялық және биохимиялық процестер күшейіп, зат алмасу қалпына келеді, – дейді Малайсары жалпы орта білім беру мектебінде.
Қымызбен ауылдың «Мәди» шаруашылық қожалығы қамтамасыз етуде.
«Жауқазын» мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде әр балаға ерекше педагогикалық тәсіл таңдалады. 3D қаламмен модельдеу әдісі арқылы түрлі бұйымдар жасалады. Әжелер үш жыл қатарынан балаларға құрт жасау әдісін үйретуде.
Мектеп түлектері «Лагерьге жолдама сыйла» акциясы аясында жыл бойы нәтиже көрсеткен 10 оқушыға Көкшетауға жолдама сыйлады. Балалар 18 маусымда GM camp балалар шахмат лагеріне демалуға барады. GM camp – Zerenda Park жабық демалыс базасындағы GMCA шахмат академиясының шахмат жаттықтырушылары және тәжірибелі «Думан» педагогикалық тобы бар балалар лагері.