«Qalqan» жүйесін пилоттық сынақтан өткізудің бірінші кезеңі аяқталды

«Qalqan» жүйесін пилоттық сынақтан өткізудің бірінші кезеңі аяқталды
ЖИ иллюстрациялық суреті

Бұл жүйеге жоспарлау мен сатып алудан бастап, медициналық қызметтердің мониторингі мен төлеміне дейінгі барлық негізгі бизнес-процестер кезең-кезеңімен көшірілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Қазірдің өзінде платформаға төлем жасау функционалы ауыстырылуда. Пилоттық режимде «Qalqan» арқылы үш медициналық ұйыммен жалпы сомасы 2,9 миллиард теңгеге есеп айырысулар жүргізілді. 

Басты жаңалықтардың бірі – бөлшектенген акт болды. Енді бірыңғай суперактінің қалыптасуын күтпей-ак, төлемді медициналық көмектің жекелеген түрлері мен қызметтер бойынша жүргізуге болады.

Медициналық ақпараттық жүйелермен тікелей интеграция енгізілгенге дейін деректер қордың қолданыстағы жүйелерінен «Qalqan» жүйесіне түсуін жалғастыруда. 

Бұдан әрі платформа қаржыландырудың бүкіл циклін бірыңғай цифрлық ортада біріктіріп, МАЖ-бен тікелей деректер алмасуды қамтамасыз етеді.

Айта кетелік, «Qalqan» — бұл денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мен медициналық қызметтерді қадағалайтын бірыңғай цифрлық платформа. Пилоттық жоба 2026 жылы 16 наурызда іске қосылды. Жүйе медициналық көмектің сапасын арттырып, қаражаттың жұмсалуын қатаң бақылайды.