7 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады

7 тамызда Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, сәрсенбі күні Павлодар облысында сынап бағанасы +27...+32 градус болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр,найзағай күтілуде. 

Ал Павлодар қаласында күн бұлтты болмақ, найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы +27...+29 градус болады.