Екібастұзда шетелдік азаматтар мұражай құрылысында заңсыз еңбек еткен

Екібастұзда шетелдік азаматтар мұражай құрылысында заңсыз еңбек еткен
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыс берушілер де жазасыз қалмады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметінің қызметкерлері мұражай құрылысы алаңында заңсыз еңбек еткен көрші елдің азаматтарын анықтады. Дәл осындай заңбұзушылық қаладағы дәмханалардың бірінде де анықталды. 

Жеті шетелдік азамат аймақ аумағында заңсыз, рұқсат құжаттарынсыз жүрген. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасы Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін, яғни жүзеге асырылатын қызметтің визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес келмейтіндігі үшін сотқа жіберу  мақсатында әкімшілік материалдар толтырылды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

Сондай-ақ, оларды тиісті рұқсатсыз еңбек қызметіне заңсыз тартқаны үшін жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция шетелдік азаматтарға көші-қон режимін бұзбау және тиісті құжаттарды уақытылы ресімдеу жайлы ескертеді.