Ақсуда отандық энергетика көшбасшысының мерейтойы аталып өтті
«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ Ақсу электр станциясы барлығы 666 миллиард кВт/сағат электр энергиясын өндірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мереке «Бірлік қуаты» ұранымен өтті. «Еуразиялық Топ» ЖШС энергетика жөніндегі департамент менеджері Әлімжан Тілеумағамбетов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, әрбіреуіне зор денсаулық тіледі.
- Бүгін елеулі мереке – Қазақстандағы ең ірі генерация көздерінің біріне 55 жыл толды. 1968 жылы 17 желтоқсанда бірінші энергоблок іске қосылған еді. Одан кейін көптеген модернизациялар өткізілді, олардың бәрі сәтті іске асты. Қазіргі кезде алдымызда жаңа міндеттер мен тәуекелдер күтіп тұр.
Ақсу электр станциясының бас директоры-бас инженері Данияр Шабанбаев жұмыс істеген уақыты ішінде станцияда 666 миллиарда кВт/сағат электр энергиясын өндіргені туралы ақпарат жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, бұл қуат көлемі бүкіл Қазақстан экономикасын бірнеше жыл үзіліссіз электро энергиясымен қамтуға жетеді.
- Баршаңызды кәсіби мерекеміз – Энергетиктер күнімен және Ақсу электр станциясының 55 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Осы 55 жылда атқарылған жұмыс аз емес: сегіз энергоблоктың алтауы күрделі жөндеуден өтті, көптеген жаңа жабдықтар алып іске қостық. Осының бәрі сіздерідң қажырлы еңбектеріңіздің арқасы. Сол үшін алғыс айтамын. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін, станциямыз көркейе берсін, - деді Данияр Шабанбаев.
Электржылуэнергетика жұмыскерлерінің локальді кәсіподағының төрайымы Светлана Зеленова станция ұжымының жоғары кәсібилігі мен ұйымшылдығын ерекше атап өтті. Кәсіподақтық көшбасшының пікірінше, осы қасиетер кәсіпорынның ел энергетикасындағы көшбасшылық орынға ие болуына жағдай жасады.
Салтанатты іс-шара кезінде станция ұжымы мүшелері еңбектері сый-құрметке ие болды. Энергетиктер Ақсу әкімі, ERG құрмет грамоталарымен, еңбеккерлер құрметті энергетиктер атағына ие болып, озат жұмыскерлер есімдері Құрмет тақтасынан орын алды. Олардың бірі – жөндеу-механикалық цех кран машинисі Анна Мұхаметзянова.
- Бірнеше жыл бұрын біздің еңбек әулетіміздің 180 жылдық мерейтойы аталып өтті, анам, әжем – кран машинистері, сол себепті менің болашақ мамандық таңдауда ешбір қиналмадым, - деді Анна Мұхаметзянова. – Бұл ауыр да, қызықты мамандық. Концентрация қажет, механизмді қалай басқарсаң, адамдармен қарым-қатынаста да сондай шеберлік керек.
Сұлу кран жүргізушісі әріптестерін Энергетик күнімен құттықтап, әрбіреуіне ыстық лебіздерін жеткізді.
Мерекеге орай ауқымды концерттік бағдарлама ұсынылды. Мәдени жағын кәсіпорын ұжымы өз мойнына алды. Патриоттық және танымал эстрадалық әндер шырқалды. Электромонтер, слесарьлар мен әкімшілік қызметкерлері тікелей міндеттерінен бөлек, әзілді де, әнді де жете, спортты да серік еткен зор талант иелері екендігі анықталды.
- Электр станциясында 1974 жылы жұмысымды бастадым, - дейді еңбек ардагері Владимир Сакун. – Мұнда зейнетке шыққанға 2021 жылға дейін еңбек еттім. Мұндай әдемі де көңілді кеш ұйымдастырған электр станция басшылығы мен ұжымына зор алғыс айтқым келеді. Шынымды айтсам, отырыс болады деп күттім. Мұндай мерекеден саналы ғұмырымды арнаған туған ұжымым үшін көңілім шаттыққа толды.
Владимир Сакун еңбек адамдарының еңбегін ерекше құрметпен қарайтын ел басшылығына да алғыс айтуды ұмытпады. Ақсақал станцияның басқа да ардагерлері секілді ERG атынан алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Кеш спортшыларға Алғыс хаттарын табыстаумен аяқталды. Кәсіпорын және кәсіподақ комитеті 24 белсендіні марапаттады. Жиынның соңында электр станциясы цехтері арасындағы «Денсаулық» спартакиадасының жеңімпазына арнайы кубок табыс етілді.
13 спорт түрі бойынша өткізілетін спартакиада он жылдан астам уақыт ұйымдастыруда. Биыл отын-көлік цехының спортшылары үздік атанса, екінші орынды қазандық-турбиналық цехі иемденді. Үшінші орынға жылу автоматикасы мен өлшем цехі жайғасты.
Фото: Азамат Омаров
Жарнамалық материал