Павлодарда 30 мыңнан астам тұрғын көлік жүргізу куәлігін алды
Бұл – ағымдағы жылдың 11 айы ішіндегі көрсеткіш, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалының мәліметінше, 2023 жылдың 11 айында ХҚКО арқылы барлығы 558 873 қызмет көрсетілді, «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы көрсетілетін 1 151 490 адам қызмет алды, 1 337 380 тұрғынға кеңес берілді.
Көлік құралдарын тіркеу/қайта тіркеу қызметі де сұранысқа ие. Мұнда Екібастұз және Ақсу қалаларының мамандандырылған бөлімімен 64 600 қызмет көрсетіліп, 30 383 жүргізуші куәлігі берілді.
– Осы уақыт ішінде Павлодар облысының тұрғындары 137 699 ЭЦҚ рәсімдеді. Бұл азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары немесе электрондық үкімет порталы арқылы қажетті құжаттарды өз бетінше ресімдеу мүмкіндігіне ие екендігін дәлелдейді, – дейді филиалда.
Орталықта жер кадастры бойынша 15 873 мемлекеттік қызмет көрсетілді, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге 47 829 өтініш ресімделді және заңды тұлғаларға 1338 коммерциялық қызмет көрсетілді.
АХАТ бөлімдері функциясының 1 шілдеден бастап Мемлекеттік корпорация филиалына ауысқанын да атап өткен жөн. Осы уақыт ішінде тіркеуші орган шамамен 11 722 қызмет көрсетті.