Екібастұз қаласының ауылдық аймағында шыққан дала өрті сөндірілуде

Екібастұз қаласының ауылдық аймағында шыққан дала өрті сөндірілуде

Онда құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Бүгін сағат 19:55-те 112 пультіне Екібастұз қаласы, Железнодорожный ауылдық округі, Құлакөл ауылында құрғақ шөп өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Белгілі болғандай, жану шашыраңқы ошақтарда орын алған. Тілсіз жау 18 және 27 гектар жерді шарпыған, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында ерікті өрт құралымдарынан 18 адам мен 5 техника жұмыс істеп жатыр.