Павлодарда велосипедшіні көлік қағып кетті
22 жастағы ер адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, таңғы сағат 11.00-де Торайғыров – Бұқар жырау көшелерінің қиылысында «Лада гранта» маркалы автокөлігі велосипдешіні қағып өткен. Велосипедші реттелетін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы жолдың жүріс бөлігінен кесіп өткен.
– Сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде. Автокөлік айып тұрағына қойылды, – дейді департаментте.
Павлодар облысының жедел жәрдем станциясында шақырту 10.47-де келіп түскенін хабарлады. Фельдшерлер 6 минутта жетті. Зардап шеккен ер жігітті Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізді.
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті