Павлодарда балабақша маңында қызға шабуылдаған ер адам іздестірілуде
Оқиға куәгерлеріне іздеу салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде әйел адам № 43 және № 34 мектептердің аумағында қызына шабуыл жасалғаны жайлы жазған.
– Лермонтов көшесі, 99 мекенжайы бойындағы балабақшаның қасында болған оқиғаның куәгерлерін іздестіреміз. Оған көмек көрсеткен ақ Land Cruiser мінген ер адам хабарлассаңыз, – деп жазды хаттың авторы.
Облыстық полиция департаментінде аталған факті Павлодар қаласының полиция басқармасы Солтүстік бөлімшесінде тілкергенін хабарлады. Ер адамды анықтау бойынша іздеу шаралары жүргізілуде.