Павлодарда өрт шыққан пәтерден 12 тұрғын эвакуацияланды

Павлодарда өрт шыққан пәтерден 12 тұрғын эвакуацияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Құтқарылғандардың ішінде екі бала бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 тамызда Павлодар қаласында бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде 2 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздың жануы орын алды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 12 тұрғындарын, оның ішінде 2 баланы баспалдақ маршымен эвакуациялады. Құтқарушылар өртті толығымен сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.